Нәтижеге ұяламын, ойынға – жоқ: «Ордабасы» президенті клубтағы проблеманың бәрін жайып салды
Футболдан 2023 жылы ел чемпионы атанған Шымкенттің «Ордабасы» клубы соңғы екі маусымда айтарлықтай қиындықтарды бастан өткеріп келеді. Осы екі жылда клубтың бапкері бірнеше рет ауысып, ойыншылары да тұрақтамады. Бұрынғы президенттің үстінен іс қозғалса, легионерлердің 20 миллион теңге жалақы алып келгені айтылды. Қысқасы, клубтың төңірегінде пыш-пыш әңгіме, сыбыс желдей есіп жүр. Осы әңгімелердің қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін айту мақсатында «Ордабасы» президенті Асхат Сейсембек «Бірінші бол» судиясының қонағы болды. Ол клубтағы проблемалардың бәрін айтып, оларды шешу барысына да тоқталды. Сұхбатты соңына дейін көріп, өз ойыңызды пікір етіп жазып қалдырыңыз. Подкаст жүргізушіcі: Олжас Байбосын - / olzhas_baibosin Подкаст қонағы: Асхат Сейсембек - / askhatseisembek