G
enby!

ҰЛЫЛАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Күн нұры Қазығұрттың баурайын алтын сәулеге бөлеп, табиғат та бүгінгі күннің қадірін сезінгендей тыныштық орнатқан. Таңғы самал жеңіл есіп, Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік Ел» тарихи-этнографиялық мұражайының маңайында қасиетті бір үйлесім орнады. Бүгін Түгейболат атаның ұрпақтары - Қожас баба, Қожамжар баба, Айдар баба мен Алдай бабадан тараған ұрпақ — бір шаңырақтың астына жиналды. Жиын басы алдымен Бекет ата мұражайын аралауымен басталды. Әр бұрыш — өткеннің ізі, әр бұйым — бабаның аманаты. Көрме сөрелерінде тұрған әрбір жәдігер — тарихтың жүрегінен жыр боп төгілген үн секілді. Бұл — ұлттың жанының айнасы, тамырдағы тарихтың соғысы. Келушілердің арасында шынайы бір құрметтің, ішкі толқудың лебі сезілді. Көпшіліктің көзі жәдігерден жәдігерге көшіп, әр бұйымнан өз атасының бейнесін, өз бабасының демін танығандай. Сол сәтте тарих пен бүгін, өткен мен осы шақ тоғысып кеткендей әсер қалдырды. Мұражай іші рухани тыныспен толы. Аталмыш мұражай бір кездері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері-заңгері, Қазақстанның құрметті судьясы Бекет Тұрғараевтың бастамасымн бой көтерген еді. Бабалар рухына тағзым кешенінде жалпы саны 27 ескерткіш қойылған. Аталмыш кесене Бекет атаның 270 жылдығына арналып салынған болатын. Бүгінде мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат алуға мүмкіндік беретін аудиогид орнатылған.

Смотрите также