Халықты шыр айналдырған “инста-курс”: миллионға алданып, үміттен айрылғандар | EL ДАУЫСЫ
Әлеуметтік желіде қымбат курстарға алданғандар мен сол ақылы курстар арқылы миллиондап табыс тапқандар. Бүгін біз жеңіл жолмен қомақты қаржыға кенелгісі келетіндер және соларға уәдені үйіп төгетіндер жайлы әңгімелейміз. Қазіргі қоғамды алаяқтар алдап, блогерлер былыққа батырып жатыр. Мәселен, 3 миллион теңге салып, аз уақытта 9 миллион табуға бола ма? Адамдар неге мұндай «ертегіге» сенеді? Мүмкін, бұл курстарды халықтың сүйікті жұлдыздары мен танымал блогерлер, журналистер, әртістер жарнамалағандықтан шығар? Айтпақшы, біз олармен де сөйлестік. Бұл жолы миллиондаған аудиториясы бар танымал тележүргізуші Динара Сәтжан, атақты актриса Әсел Асқар және белгілі блогер Жания Джуринскаяның басы дауға қалды. Ал бүгінгі шығарылымға арқау болған басты фигурант – әлеуметтік желідегі жұртқа Алтынай Дидарқызы атымен жақсы таныс блогер. Ол инстаграмда курс сатып, интернет-дүкен арқылы табысқа кенелудің төте жолын үйретем деп, 30-дан асқан адамның 400 млн теңгесін алып, жоқ боп кеткен. «Ел дауысы» ұжымы әдеттегідей ел ішінде қызу талқыланып жатқан өзекті мәселені ортаға салып, жан-жақты зерттеу жүргізеді. Видеоға пікір жазып, лайк басуды ұмытпаңыз! @Eldauysy арнасына хабарласыңыз: WhatsApp +7 705 640 45 66 https://eldauysy.kz
(03.07.2025) #елдауысы, #рекомендации, #врек, #топ, #құқыққорғау, #токаев, #қазақстанжаңалықтары, #новостиказахстана, #гульжанергалиева, #елмедиа, #қазақстан, #ақпарат, #алматы, #қазақстан, #шолпаноразбекова, #блогер, #алтынайдидарқызы, #қаржыпирамидасы, #динарасатжан, #асельаскар, #ләйләсұлтанқызы, #жанияджуринская, #полиция, #мейіржантөребаев, #серікқазыаязбаев, #мейірханшерниязов, #заңгер, #қаржысарапшысы, #айбаролжаев, #алаяқтар, #инстакурс, #вайлдберриз, #бизнес, #интернетплатформа, #инстаграм, #вебинар,
Смотрите также
