G
enby!

Енді әуежайларда тәркіленген бұйымдар бірден жойылады

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Енді әуежайлар жолаушылардан тәркіленген бұйымдарды бірден жояды. Яғни, тасымалдауға тыйым салынған заттарды сақтамайды. Жаңа ережені көлік министрлігі енгізіп отыр. Соған сәйкес, әуежай қызметкерлері жолаушылардың қол жүгін тексеру кезінде тасымалдауға болмайтын бұйымдарды тапса, тәркілеп, көзін жоюы керек. Бұл өзгеріс қызмет көрсету процесін оңтайландыруға сеп болмақ. Сондықтан, мамандар әуе көлігімен алып жүруге шектеу қойылған заттардың тізімімен танысып шығуды ұсынып отыр. Мәселен, қолжүкке сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын сұйықтықтарды, яғни су, иіс су, аэрозоль, гель, тіс пастасы мен өзге де қауіпті заттарды салып өтуге жол берілмейді. Ал, толық ақпарат әуе компаниялары мен әуежайлардың ресми сайттарында жазылған. Сондай-ақ, авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес, зауыттық қаптамасы жоқ өнімдерді де алып жүруге рұқсат етілмейді. Демек, үй жағдайында дайындалған бал, тосап, сүт секілді өнімдерді тасымалдау – тәртіпке қайшы. Сәйкесінше, бәрі тексеру кезінде тәркіленеді. Бірақ, алынған не талапқа сай емес заттарды шығарып салушыларға қалдырып кетуге жүз пайыз мүмкіндік бар. Сақтау қоймасына қойғаны дұрыс болады деп ойлаймын. – Неге? – Солай ыңғайлы. Ол сақталып тұрмайды ғой. Ол қалай сақталып тұрады? Біз бәрібір аэропорттан өткенде досмотрдан сол жерден біз аламыз ғой суын. Сол 500 милилитр. Яғни, 100-ден асады. Соны қалай кіргізеді олар. Сондықтан, дұрыс емес. Уақытша сақтап қойған дұрыс деп ойлаймын енді. Өйткені, оны да сатып алады ғой жұрт. Өз ақшасына. Негізі сақтап қойса, дұрыс қой туыстары, таныстары келгенше. --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также