G
enby!

КТК: Қазақстан жаңалықтары 06.08.2025

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram:   / aigerimaskarkyzy_ktk  ) МӘСЕЛЕ БАСҚАДА Қызғаныш деген қызыл ит. Шымкент әкімінің орынбасарын мылтықпен атқан азамат бұл қадамға әйелі мен Берденовтың арасында бір байланыстың барынан сезіктенгеннен барғанын айтты сотта. ТӨБЕГЕ ШЫҚПАСЫН! Алматыда тау етегінде құрылыс жүргізуге мораторий енгізілді. Қай көшеден жоғары қандай ғимарат тұрғызуға болмайтынын сәлден кейін білесіздер. ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ Амантай қажының да айтары бар. Қария ұрып жықты деген әйелдің өзі бірінші мас күйінде маған жармасты деп айыппен келіспей отыр. ЕРЕКШЕ ЖАРНАМА Дөнер дайындайтын орынды жарнамалау үшін Сарыағаштан тірі түйеқұс әкеп қойған. Алайда дәмхана иесінің әрекеті жұрттың ашуын туғызып, кезектен тыс тексеріске түрткі болды. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Смотрите также