Әскери қызметшілер үшін E-Gov цифрлық порталының аналогы жасалды
Әскери қызметшілер үшін E-Gov цифрлық порталының аналогы жасалды. Тағы бір цифрлық жоба – «Jauynger.gov.kz» деп аталады. Қарулы Күштерге «кіруді» жеңілдету үшін 10-нан астам ақпараттық жүйемен интеграция жүргізілді. Жоба келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мерзімін 6 айдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын үйін жекешелендіру процесі цифрландырылуда. Кезекте тұрған әскери қызметшілерге тұрғын үйді автоматты түрде бөлу қызметері электрондық форматқа көшіру бағдарламасы да іске қосылды.