Ottegi Podcast. Ескендір Бестай: Тәрбиенің сипаты – үнсіздік
Massaget.kz жастар порталы сайттың 10-жылдық мерейтой құрметіне Ottegi подкастар легін дайындаған болатын. Подкастымыздың алғашқы қонағы - Ескендір Бестай. Ескендір мырза “Бала тәрбиесі” тақырыбына кездейсоқ келіп, бүгінде “Бала бақытын қорғаушыға” айналған жан. Бала тәрбиесі тақырыбы өзі үшін хоббиға жақын дүние деп айтса да, бұл салада түйген-білгені көп. Осы уақытқа дейін мыңдаған ата-ананың көзқарасын жақсы жаққа өзгеруіне үлес қосты. Ескендірдің ерекшелігі ғалам ғалымдарының теориясы мен киіз үй тәрбиесін және өз тәжірибесін үш өрім ғып өріп ата-анаға ұсына алады. Подкаст жүргізушіcі: Ербол Молдажанов Аудиомонтаж, фотограф: Ернар Алмабек Дизайнер: Аслан Самарханов, Томирис Есқали 00:00:18 Алғысөз 00:01:36 Ескендір Бестай кім? Өзінің ойынша… 00:03:26 Бала тәрбиесін зерттеуге қалай келген? 00:06:40 Баланы шартсыз қабылдау 00:10:48 Баланы шексіз жақсы көре алу 00:13:35 Жақсы көре алу: ұлдарының мысалдары 00:15:32 Сұлулық тәрбиесі 00:18:36 Саммерхилл мектебі шартсыз қабылдаудың озық үлгісі 00:23:45 Жақсы көру әрекет пе? 00:24:54 Сезімді атап үйрену керек 00:31:33 Баланың қарым-қатынасы – ата-ананаың айнасы 00:39:40 Тәрбиенің мақсұты 00:54:00 Бала тәрбиесіндегі әке рөлі 00:57:24 Баланы еңбекке баулу 1:04:16 Не үшін ата-ана баласын ұрады? 1:12:22 “Баланы таяқпен тәрбиелеу керек” деген ойға пікірі 1:17:40 Қарттар үйінің тұрғыны болмас үшін... 1:20:57 Ата-ана балаларын алалауы мүмкін бе? 1:24:17 Бала тәрбиесінде нені білу керек? 1:27:43 Ескендір Бестай қазір нені зерттеп жүр? 1:31:50 Кітап жазу туралы ойы 1:35:32 Дәл қазір Қазақстан халқы тыңдап отыр. Сізде 2 минут уақыт бар. Не айтасыз?