G
enby!

АЭС туралы бар шындық

Атом энергиясы ХХ ғасырдың ең атышулы жаңалықтарының бірі болды. Бұл видеода біз Чернобыль стансасындағы пілдің аяғы, сондай-ақ Франция президенті Макрон Қазақстанға қандай «Георгты» іздеп келгенін талқылаймыз. Сондай-ақ «Ойжұмбақ» («Головоломка») мультфильміндегі Үрей қай салада таптырмас қызметкер болар еді, «Оппенгеймер» фильмінің бас кейіпкері шындығында кім және адам баласының шексіз қамқорлығы мен түс өзгертетін мысықтардың арасында не байланыс бар — осы сұрақтардың жауабын іздейміз. Әрине, сонымен қатар АЭС идеясын жақтайтындардың айтар уәжін және оның шынайы қауіптерін де талдаймыз. 0:00 – әлем картасынан Африканы қалай құртуға болады 3:47 – кіріспе 5:04 – атом энергиясы, дженга және шимпанзе 7:40 – атом энергиясы қалай пайда болады? 8:10 – оны кім ойлап тапты? 9:36 – қазақтар химияны білген бе? 10:35 – Хәрри Поттердің бұған не қатысы бар? 11:22 – градусниктің ішіндегі алтын 13:02 – АЭС'терде болған үлкен апаттар 16:20 – «үреген ит қаппайды» 19:23 – мәселе АЭС'тің өзінде ғана емес 20:10 – Припять қаласын Үрей құтқара алар ма еді? 21:19 – Макрон не үшін Қазақстанға келді? 22:26 – Уран не элемент өзі? 23:56 – Уран ғаламшары & «Деназарбаевизация» 26:14 – «бөлмедегі піл»: біздің қасірет 29:14 – «соғыссыз прогресс жоқ» 30:34 – жер бетіндегі алғашқы жасанды жұлдыз 32:25 – лингвистика және жанашырлық 34:45 – түсін өзгертетін мысықтар мен үшкір тастар жүргізуші: Бибарыс Сейтақ сценарий: Аружан Елеусіз, Бибарыс Сейтақ ғылыми редактор: Гүлнұр Сұлтан, Даниил Мельниченко бас продюсер: Ерасыл Қайсаров үйлестіруші продюсер: Сандуғаш Есен креатив продюсер: Бибарыс Сейтақ оператор: Антон Рыженков, Наби Уалиев, Дәулет Дүйсембаев моушн: Сержан Қонарбаев edit & sound design: Наби Уалиев гримёр: Толғанай Әбутәліп production:   / teren.pro  

Смотрите также