Ұланғасыр Қами - Жалғызым — қазақ
Ұланғасыр Қами - Жалғызым — қазақ Әні: Аманкелді Көшербаев Сөзі: Мирас Асан Жалғызым – қазақ Ақ найзаға сүйеніп қалғыдың қазақ, Адай қазақ, үйсінім, арғыным қазақ, Жалғызым - қазақ! Отан деген кеудемде жалғыз үн –қазақ, Сан өткердің басыңан зарлы күнді азап. Жалғызым – қазақ! Айй, Жалғызым – қазақ! Қайырмасы: Алаш деген арыстан, Жаралған ар, намыстан, Асыл шіркін тегің-ау. Болсын мәңгі атың аман, елім-ау, Атамекен жерім-ау, Жалғызымсың менің-ау! Көк Ту – қазақ, Елтаңба, Әнұран – қазақ, Атқа қонсын Алаш деп әр Ұлан қазақ! Жаның ән - қазақ! Жыр мен дастан, кеудесі мол мұра қазақ, Қобыз - қазақ, шежіре, домбыра - қазақ. Домбыра - қазақ! Ұланғасыр Қами Instagram- / ulangasyrqamiev Youtube- / @ulangasyrqami Telegram-https://t.me/ulangasyrqami
Tiktok- / ulangasyrqamiev #ұланғасырқами #ulangasyrqami