БҮКІЛ АУРУДЫ ЕМДЕЙДІ ДЕЙТІН ҰЛЫҚБЕК СМАНОВТЫҢ ЖАУЫЗДЫҒЫ
Ұлықбек Сманов 1971 жылы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол 3 жасынан бастап мазасызданып, кейін ес білген соң үйден кетіп қала беретін болыпты. Оны жұрт бейіт басынан тауып алады екен. Бала кезінен-ақ әруақтармен тілдесе алатын деңгейге жеткен. Жұрт оны жындыға теңеген. Есінен ауысқан деп айтты. Бір кездері Ұлықбек қатты ауырып, реңінен сөл кете бастаған соң, ата-анасы оны түрлі профессорларға көрсетіпті. Ақыры соңында оны Мәскеудегі өзбек доктор әйелге апарған. Профессор әйел оны тексеріп жатқанда, Ұлықбек әйелдің бүкіл ішкі ағзасын айнадағыдай көріп отырған. Сөйтіп дәрігер әйелге: «жасыңыз қырықта. Перзент сүймегенсіз. Көру қабілетіңіз төмен» деп әйелдің ішкі құрылысындағы бүкіл ауруын жайып салады. #әулие #емші #көріпкел
 
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            