Дүние махшары. 2 дәріс - Ризабек Батталұлы
Назарларыңызға ұстаз Ризабек Батталұлының "Дүние махшары" тақырыбындағы дәрістер топтамасын ұсынамыз. Ұсынылып отыр дәрістерде Құран мен сүннетте айтылған ақырзаманның белгілері жайында әңгіме қозғалып, олардың мән-мағыналары талқыланады. Ризабек Батталұлы 1980 жылы Қарағанды облысының Қарғалы ауданында туылған. Алғашқы діни ілімін Қарағанды қаласының Орталық мешітінің курстарында алып, 2003 жылы «Нұр-Мүбарак» университетіне оқуға түседі. 2005 жылы Мысырдағы «Әл-Азһар» университетінің «Санауия» курстарына түсіп, 2007 жылы сол университеттің «хадис ғылымы» мамандығы бойынша «Усулуд-Дин» факультетінің студенті болып қабылданады. 2011-2013 жылдары аралағында «Әл-Азһар» университетінің зерттеу жұмыстары мен арабистика институтының магистратурасында оқыған. «Аль-Азһар»университетінде оқып жүріп, ұстаз Ризабек «ат-Тахауия» кітабы, имам ән-Науауидің «Азкарі», Мухаммад ибн Фаттух ад-Димашқидің «Манзумат аль-Байкуниясы», сондай ақ басқа да үлкен ғалымдардың 15 кітабі бойынша иджаза алған. Қазіргі таңда, ұстаз Ризабек «Нұр-Мүбарак» университетіне қарасты «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызыметкері.