Qаймақ: Тассай ауылы
Тассай ауылы өзінің аты айтып тұрғандай сай жерде, тастың ортасында орналасқан. Бұл елді мекенде мал шаруашылығымен қоса, бау бақша өсіру сынды кәсіп те кеңінен дамыған. Бұл үшін тұрғындар облыстан бөлінетін 2,5 пайыздық арзан несие алып, көсегелерін көгертіп отыр. Сондай ақ ауылда әлемдік ядролық сынақтарға қатысты бар құрылғы осы уақытқа дейін жұмыс істейді. Тікелей Біріккен Ұлттар Ұйымына бағынатын бұл нысанның әлем қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы өте зор. Ол туралы біздің Qаймақ жобасынан көре аласыздар.