ШАБАНДОЗДЫҢ ТҮСІ / Қойлыбай Асанұлы #аудиокітап
О, тоба, Аққұйрық үш аяқпен шауып келеді!.. Қамшылар жақ алдыңғы аяғын көтеріп алған. Қайран жануар-ай намыс үшін шауып келеді екен ғой… Құдай-ау, үш-ақ айналым қалған. Аққұйрықтың басын әрең тежеген шабандоз бала айналымнан шықты… Көзінен ыстық жас ыршып кетті. «Айттым, осы сапарға шықпайақ қояйықшы дедім», – деп өкіре жылаған қара бала Аққұйрықтың мойнынан құшақтай алды. Ипподромның қиыршық тасты жолы мен тар бұрылысында алдыңғы аяғын шауып алғанға ұқсайды. #шабандоздын туси #аудиокітап #әңгіме #болғаноқиға #әңгімелер