G
enby!

Қазақстанда көлік жөндеудің бірыңғай бағасы бекітілуі мүмкін

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Қазақстанда көлік жөндеудің бірыңғай бағасы бекітілуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігі темір тұлпарға қажетті қосалқы бөлшектер құнының ортақ тізімін жасамақ. Елімізде автокөлікті сақтандыруға міндеттейді, бірақ керек кезінде дәл сол сақтандыру шығынды жаппайды. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жоспардағы бастама осы мәселені реттеу үшін қолға алынғалы отыр. Ал бұған авто сарапшылар не дейді? Бірыңғай баға қашан енгізіледі? Әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын. ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші: Елімізде көлікті сақтандыру міндет. Ол болмаса айыппұл. Бірақ машинаға зақым келсе, жол апатына түссе, не үстіне ағаш құласа жүргізуші мен сақтандыру компаниясының арасында жиі дау шығады. Себебі мүлік иесінің есебі бөлек, сақтандырушының санағаны басқа. Тәуелсіз есептеуші шығынды қымбат қылса, компания арзан сома ұсынып жатады. Қаржы нарығын реттеу агенттігі өкілі Мария Хаджиеваның айтуынша, түскен шағымның 90 пайызы дәл сол шығынды санауға қатысты. Сондықтан да ведомство көлік бөлшектері бағасының бірыңғай анықтамалығын дайындамақ. "Бірегей анықтамалықты жасау автокөлік бөлшектерінің бағаларын бірдей ету дегенді білдірмейді. Оның міндеті – орташа нарықтық бағалар немесе ресми жеткізушілердің бағалары негізінде залалды бағалаудың бірыңғай әдісін енгізу". ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі: Ескере кететіні, бүгінде елде көлік бөлшектері бағасының бірыңғай анықтамасы жоқ. Агенттік сол себепті де сақтандыру компаниялары мен зардап шеккендер арасында келіспеушілік көбейді дейді. Ал авто сарапшылардың пікірінше, көлік саймандарының құнын сараптау ісі бүгін-ертең, 1-2 жылда бітпейді. Одан да сақтандыру компанияларының жауапкершілігін арттырсын дейді. МИХАИЛ БУДЯНСКИЙ, "ҚАЗАҚСТАН БАҒАЛАУШЫЛАР ДОСТАСТЫҒЫ" бағалаушылар палатасының басқарма өкілі: Агенттік сақтандыру компанияларына қадағалауды күшейту қажет. Шығынның өтелмегеніне компаниялар жеке жауапкершілік алуы тиіс. Бүгінде бағалау мәселесі ақсап тұр. Сақтандыру компанияларының өзі жол апаты мен көлік санының көбейгенін, ал жиналатын ақша шығынды жабуға жетпейтінін айтады. Бірақ сақтандырушылар біреу емес қой. Міндетті сақтандырумен айналысатын 20-дан астам компания бар. Жауапкершілікті арттырса және жұмысын жүйелесе бағаның тізімін жасаудың қажеті шамалы. Ал Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәлімдеуінше, бірыңғай бағаны сараптағанда өндірушілер мен ресми диллерлердің деректері қолданылмақ. Яғни, базар бағасы есепке алынбайды. Сондай-ақ логистика шығындарына да мән берілмек. Әзірге болжам бойынша бастама келесі жылдың аяғына дейін іске асып қалуы тиіс. Айта кетсек, биыл жарты жылда сақтандыру компаниялары қазақстандықтардан жалпы 66 миллиард теңгеден астам ақша жинаған. Ал өтеген шығыны шамамен 50 миллиард теңгені құрайды. __________________________________ Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также