Абай ауданында қоқыс сұрыптау кешені салынуда
Қарағанды облысы, Абай ауданында салынып жатқан қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы жақында аяқталады. Жаңа нысан ескі полигонның жанында орналасады. Кешеннің қуаттылығы жылына 15 мың тонна қоқыс өңдеуге жетеді. «Бұл өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді мамандар. Алдағы уақытта облыс аумағында тағы төрт кешен салу жоспары бар. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24