Тау-кен индустриясы: кедергілер мен серпілістер
Бүгінгі эпизодта тау-кен және геология саласында мол тәжірибесі бар кәсіби маман Қанат Құдайбергенмен сұхбаттастық. Подкаст барысында еліміздің тау-кен саласында кездесетін кедергілер мен серпілістерді талқыладық. Сонымен қатар саланың экспорттық әлеуеті, сирек металдардың болашағы, геологиялық зерттеулердің маңызы және заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің салаға ықпалы туралы сөз қозғадық. Сондай-ақ Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастық, қалдықтарды басқару тәжірибесі және шетелдік тау-кен компанияларының жұмыс тәсілдері жөнінде пайдалы мәліметтер бөлістік. Неге әлі күнге дейін геология саласына өзіне лайықты мән берілмей келе жатқаны жайлы ой өрбіттік. Осы және өзге де өзекті тақырыптар тыңдарманға пайдалы әрі қызықты болады деп сенеміз. Подкаст қонағы: Қанат Құдайберген - тау-кен саласында көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман, бизнес-сарапшы, GreyWolf Management компаниясының басқарушы партнері, Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Подкаст авторы: Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы Таймкодтар: 0:00 Тизер 2:33 Подкасттың басталуы, спикермен таныстыру 5:31 Қазақстанда экспорттық әлеуеті жоғары салалар мен білікті маман 7:37 Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ІТ жобалар 9:35 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылданғалы бергі өзгерістер 12:12 Қазіргі тау-кен саласындағы негізгі тежеуші мәселелер 15:50 Болашақ минералдық ресурстар үшін мемлекеттер арасындағы бәсекелестік 18:06 Қазақстандағы сирек кездесетін металдар 20:02 Қалдықтарды басқару: қазіргі жағдайы және болашағы 24:44 Геологиядағы ғылыми зерттеулердің рөлі мен маңызын күшейту 27:08 ГКЗ және халықаралық есеп стандарттары туралы 31:12 Шетелде ілеспе өнімдерді есепке алу тәжірибесі 35:56 Кеңес дәуірінен қалған жоспарлы экономиканың салдары 37:57 Тау-кен компанияларының Қазақстанда және шетелде жұмыс істеу ерекшеліктері 41:33 Өңірлік геологияда стратегиялық мақсаттарды айқындау қажет 43:41 Неліктен инвесторлар Африка елдерін таңдайды? 45:50 Тау-кен саласындағы цифрландыру және жасанды интеллекттің орны 48:42 Сауд Арабиясында тау-кен саласы мен су ресурстарын зерттеу қалай дамуда? 51:01 Австралияда суды жинау бойынша қолданатын технологиялар 53:10 Қазақстанның тау-кен саласын болашақта қандай өзгерістер күтіп тұр? 56:21 Геология ғылым саласы екенін ұмытпауымыз керек 57:57 Жас мамандарға арналған кәсіби кеңестер 59:40 Қорытынды Біздің парақшаларға жазылыңыз Instagram: / energy_analytics Linkedin: / analytics-energy Telegram: https://t.me/EnergyAnalytics