Желтоқсаншылар қашан ақталады?
1986 ж. Желтоқсан айында өткен қазақ жастарының толқуы бүкіл республиканы қамтыды. Ол бейбіт түрде басталып, соңы КСРО билігінің арандатуы себепті толыққанды көтеріліске ұласты. Қарулы қақтығыстарда адам шығыны болды - бейкүнә жастар каза тапты. Көтерілістен кейін мыңдаған адамдар қуғын-сүршінге ұшырады... Бірақ, жаппай орын алған бұл - қазақтың соңғы Ұлт-азаттық көтерілісі әлі күнге дейін өзінің саяси бағасын ала алмай келеді. Бұған дейн тек мыңға жуық желтоқсаншылар зардап шегушілер ретінде ақталған. Ал, ондаған мың желтоқсаншылар бүгінгі тәуелсіздік тарихынан тысқары қалып қойды. Бұл - ел тәуелсіздігі құндылығына кері әсерін тигізуде. Қазіргі жастар бізге Тәуелсіздіктің қандай ауыр жолмен және құрбандықпен келгенін біліп өсуі керек. Төмендегі видеодан осы туралы толғанысты Желтоқсан Көтерілісі куәгерлерінің өз аузынан еститін боласыздар. Пікір жазып, қолдау білдіріңіздер.