Киюге жарамайтын киімді қайда жібереміз?
Қазіргі заманда сән трендтері тез өзгеретіндіктен, киім брендтері жаңа коллекцияларды бұрынғыдай әр маусым сайын емес, апта сайын шығаратын болды. Сән саласында жылдам өндіріс пен арзан бағаға негізделген fast-fashion (жылдам сән – ред.) деп аталатын бизнес үлгі қатты дамып кетті. Арзан киімдердің сапасы соған сай – тез ескіреді. Оның үстіне тренд те жылдам өзгеріп, жаңа киім сатып алуға сұраныс туады. Содан болар киімінің 60%-ын адамдар сатып алғанына 1 жыл толмай қолданыстан шығарады. Қазақстанда қолданыстан шыққан, бірақ киюге жарамды киімге екінші өмір сыйлайтын, оларды қабылдап, қайта сататын немесе мұқтаж жандарға беретін қабылдау пунктері бар. Ал тозығы жеткен киімді не істеуге болады? Киюге жарамсыз киім-кешек қайда кетіп жатыр? BAQ.KZ тілшісі мәселені зерттеп, шешім ұсынды. 00:00 Кіріспе 00:28 Астаналықтар тозған киімді не істейді? 01:32 Қоқысқа тастаған киім несімен зиян? 03:28 Өртеу экологиялық шешім бе? 05:03 Тозған киімді өңдейтін жалғыз кәсіпорын 06:54 Жинау 08:00 Сұрыптау 09:52 Қайта өңдеуге дайындық 11:33 Қайта өңдеу 13:22 Дайын өнім өндірісі 16:30 Денистің ендігі жоспары 16:45 Қайта өңдеу не үшін керек? 17:04 Қайта өңдеу – панацея емес 17:39 Қорытынды ________________________________________ BAQ.kz Басты ақпарат құралы Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/
Біздің әлеуметтік желілерге жазыл: Instagram: / baq.kaz Facebook: / baq.kz Telegram: https://web.telegram.org/#/im?p=@baq_kz
Tiktok: / baq.kz_ #baqkz #қазақстанжаңалықтары #киім #тренд #экология