G
enby!

Барселонада 70 мың адам шеруге шықты

Испанияның Барселона қаласында Палестинаны қолдаушылар шеруге шықты.  70 мың адам қатысқан бейбіт шерудің соңы қақтығыстарға ұласты: сегіз адам қамауға алынып, 20 полицей жарақат алды. Наразы топ Палестина туын көтеріп, «Газаға қолдау көрсетіңіз», «Геноцидке жол жоқ!» деп ұрандатты. Алайда кейбірі бүлік шығарып, дүкендерге шабуыл жасап, мейрамханалардың терезелерін қиратқан. Осыдан соң орталық көшелер жабылып, қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Шеруге көбіне студенттер қатысқандықтан, қаладағы бірқатар оқу орны сабақты уақытша тоқтатты. Палестина халқына қолдау білдірген шеру Испания астанасы Мадрид қаласында да өтті. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также