G
enby!

217 азамат «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

217 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалады. Бұл туралы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Жиын Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті. Стипендия иегерлерінің 167-і магистратурада, 13-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 37 азамат әлемнің ең үздік университеттерінде кәсіби тағылымдамадан өтеді. Олардың 67,7%-і жаратылыстану-техникалық, ал 32,3%-і әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарда білімін жетілдіреді. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также