Өскемен қоқыс құрсауында қалуы мүмкін
Өскемен қоқыс құрсауында қалуы мүмкін. Өйткені қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны толып, жақын орналасқан елді мекендерге қауіп төндіріп отыр, деп хабарлайды 24kz. Ал әкімдік әлі күнге дейін жаңа полигонның орнын анықтамаған. Қолданыстағы қоқыс алаңының пайдалану мерзімі келер жылы аяқталады. Ал коммуналдық сала мамандары 4 ай ішінде экологиялық қауіпсіз аймақты белгілеп үлгеруі керек. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24