G
enby!

Мойынкұм ауданы Құмөзек ауылының тұрғыны Сәрсенкүл Әмірқұлқызы 90 жаста.

Құрыштан құйған құдіретте төрінде қазыналы қария отырса ол әулет бақытты. Өйткені қариясы бар үйдің ғибараты мен тәлімі мол болмақ. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мойынқұм ауданына қарасты Құмөзек ауылының тумасы жастайынан ауыл өмірінде білек сыбана жұмыс жасаған, қиындықты көп көрсе де еш мұқалмаған бүгінде жасы 90 ға жетсе де қажыры мен қайратынан еш айырылмаған қазақтың қара өлеңін айтқанда қамшы салдырмайтын әжеміз Сәрсенкүл Әмірқұлқызы жайлы болмақ. Сәрсенкүл әжеміз Құмөзек ауылының Ұлы жүз Бестерек руынан тараған Әмірқұл атамыз бен Бибігүл анамыздың отбасында 1928 жылы қыркүйек айында дүниеге келген. Құран аяттарында анаңды құрметтеп, оны қадірлеу – перзенттік борыш екені баса көрсетілген. Анаңды ренжітпей, оның мұқтажын өтеп, өзіңді бала кезіңде қалай мәпелесе, сен оларды алақаныңа салып, аялауың керектігі айтылған. Аялап өсірген анаңның көңіліне келетін ауыр сөз емес, жанын марқайтатын жылы сөз айтып, Аллаһ Тағаладан «Олар мені сәби кезімнен қалай бағып өсірген болса, Сен оларға солай сүйіспеншілігіңді көрсете гөр» деп тілек тілеуің қажет делінген. Ұрпағының ертеңі үшін көз ілмеген Ананың арманы бүгін шындыққа айналды. Ата өсиетімен Ана тәрбиесінен тәлім алған ұрпақ қанатын жайды. Өмірден ерте өтсе де әке жолын қуып шаңырық ұстар ұлдары бар, қияға қонған қыздары бар. Бұл әулеттің әр күні ғибаратқа толы десек артық айтқанымыз емес шығар. Өйткені осы шаңырықта қазір ғибаратты әңгіме айтар кейуана бар төрінде. Сәрсенкүл әже жазып қойған хаттай тірі оқулық. Аласұрған 20 шы ғасырдың дүбірлі жылдары күштеп ұжымдастыру мен аштық қасреті 1937 жылдың қуғын сүргін, соғыс зардабын бастан кешкен аяулы ана. Әрине ол кезде Сәрсенкүл әже сәби болатын, бірақ сәби көңілдерге кірбің ерте түскен, ауыртпалықты ерте арқалаған шынайы балалық шағы сағым болды. Әйтсе де 19 – жасқа қараған бойжеткен 1947 жылы Ойық, Ысты руының шыққан Жекеевтар әулетінің Ибәділдә атамызбен отбасын құрды. Жас отбасы сол жылдары Қамқалы елді мекенінде паромшы, кейіннен мал шаруашылығымен айналысқан. Осылыйша ғасырға жақындаған қазыналы анамыз осыншама ауыртпалықтың кездескен қиындықтарын қасқая тұрып жеңе біліп ауылдың барлық жұмысына етене араласқан батыр ана қазіргі таңда рахатын көріп отыр. Алайда мың бір тәубе деп қуанатыны өсірген ұрпағы есен – сау қасында. Ақ жаулықты ананың үлкен қызы Шекер 70 жасты алқымдап қалса екінші қызы Үрдаш пен бесінші ұлы Бақыт Алматы қаласында қызымет жасайды. Ал, Дәрия, Асылхан, Гүлмира, Гүлнар, Несіпхан, Мұхан, туып өскен Мойынқұм ауданының белсенді азаматтыры атанып жүр. Ұлдың үлкені Ханидулладан тараған ұрпақтың бірі Ғалымжан Шу қаласында заң саласында қызмет атқарады. Осы ұрпақтан тараған Аяулы ақжаулықты әжеміздің 50 – немере, 98 – шөбере, 14 – шөпшек сүйіп рахатын көруде. Әрине әке көріп оқ жонып, ана көріп тон пішкен ұрпағы ұл – қыздары.Жігіттің ағайын – жұрты – жеті атадан бергілер, ата – анасынан кейінгі ең жақын туыстары болып, аға – іні, апа – қарындастары алдымыздан шығады. Бұлардың ішінде басқаларынан жасы үлкен ағаның құқы бәрінен де жоғары. Ағаға қарсы шығу дәстүрде жоқ, сондықтан жасы кіші іні – қарындастар ағаны сыйлап, оның айтқанын екі етпей орындайды. Бар күшін талай жылдар елге беріп, Дүниеде көрмеген ғой кеуде керіп. Сәрсенкүл әже, тоқсанға толды міне, Өтіп жатқан өмірде дөңгеленіп. Жалт беріп өте шығар өмір жалған, Қимасыңды алады тегін қолдан. Алтын құрсақ атанған Сәрсенкүл әжей, Ысты дейтін руға келіп, келін болған. Қанша ауыр жұмыстан мойымады, Қадамын алға қарай дара басқан. Он құрсақты көтерген Сәрсенкүл әже, «Батыр ана» атанып бағаң асқан. Тағдырдың шара бар ма шешіміне, Әжейдің биік тұрар есімі де. Әулетіңнің сен алтын қазығысың, Құрметті қонақ келген есігіңе. Екі дүние бақытына бөленіңіз, Береке берсін құдай қалғанына. Немере, шөбере мен шөпшектерін сүйіп отыр, Аман боп жетсін олар арманына. Ұзағынан болсыншы ғұмыр жасың, Күш – қуат берсе екен ол жаныңа. Құдайым қуанышын сыйлай берсін, Сәрсенкүл әжеміздің шаңырағына.

Смотрите также