Әйел энергиясын,қуатын көтеру дің 70 әдісі #әйел
Әр әйелдің қуаты түгесілетін мезгілі болады. Әйелдің қуатын еселейтін тәсілдер туралы сөз қозғасақ. Массаж. Уқалау маңызы. Әйелдің тәні үнемі қозғалып, қимылдап тұруы керек. Әйтпесе, қуаты бір жерде тұрып қалып, денені ауру етеді. 2. Шаштаразға бару. Әдемі шаш тек көңіл көтеру емес. Әйелдің шашы оның ойының айнасы іспетті. Шаш әйелдің көркі. Оған ерекше күтім керек. 3. Маникюр. «Әдемі қолдарды сүйе бергің келеді” дейді екен ерлер қауымы. Қызыл түсті лак жағылған тырнақтар жетістік пен сұлулықты тартады деседі. 4. Өзге әйелдермен араласу. Өзара қуат алмастырудың мәні бар. Еркекке өзін тануға тыныштық керек. Әйелге керісінше сөйлесу қажет. Өзге әйелдермен әңгіме-дүкен құру арқылы өзін тани түседі. 5. Ұзақ сөйлесу керек. Телефонмен болса да. Бұл уақыт өлтіру емес. Сөйлесу – әйелге керекті қуат көзі. Сөз әйелдің ішінде жиналып қалады. Соны шығармаса, еріне қиын болады. Күйеуге сөйлеу жақсы амалдардан емес. 6. Серуендеу. Әйел күніне бір рет болса да сыртқа шығып, таза ауамен тыныстауы керек. Отбасының ұйытқысы әйел, десек те оған табиғатпен қарым-қатынас өте маңызды. 7. Музыка. Күнделікті саз тыңдау қажет. Дәстүрлі, классика. Жалпы ұнайтынын тыңдай беріңіз. Таңертең шай ішкенде құлақ құрышын қандырар саз тыңдауды әдетке айналдырыңыз. 8. Сұхбаттасу мен ойлану үшін күрделі тақырыптарды айналып өту. Әйелге кейде ұшқалақ болып, әр түрлі ұсақ-түйекті ойлау пайдалы. Кішкентай қыз сияқты көріну оған жеңілмес жастық шабыт сыйлайды. Әсіресе, іскер әйелдер үшін осы қабілет маңызды. Жұмысты жұмыста қалдырып, үйге тек қуаныш әкеліңіз. 9. Түрлі шөптесіннің жұпарларын, майларын қосып суға түсу. Бұл еркелік емес, қажеттілік! Тәніңізге көңіл бөлсеңіз, артынша өзіңіз таңданарлық жағдайға көз жеткізесіз. 10. Медитация. Кез келген босаңсыту үдерістері іспетті нәзікжандардың өзіне тән қуатын арттырады. Күнделікті ұйқы алдында медитация жасау керек. Табиғат аясында жасалатын медитация да пайдалы. 11. Ән салу сабағы. Ән салу тамақтың чакрасын ашады. Ән салған адам ұрысқысы келмейді. Ерлерге деген мейірім оянады. Баяғы замандағы Спартада әйелге арнап айтылар мақтаудың бірі «ән сияқты екен» деген сөз болыпты. 12. Дүкен аралау. Жаңа заттарға көз салу ғана емес. Ақша жоқ болса да, дүкен аралау керек. Кей киімдерді киіп көріңіз. Өз сымбатыңызға сүйсініңіз. Әйелдің қуаты шексіз екенін есте сақтаңыз. Кейбір затты жай ұстап көру ғана жеткілікті. Көп ұзамай ол сіздің қолыңызға түседі. Оны алатын ақша да өз-өзінен пайда бола кетеді. 13. Психологқа қаралу. Міндетті түрде дәрігеріңіз әйел болсын! Көргені көп, тәжірибелі әйелдің сізге айтар ақылы көп болмақ. Қазіргі қиындыққа басқаша көзбен қарауға үйретеді. Даналық жасы келген әйелдерден беріледі. Сондықтан аналармен, әжелермен араласу, олардың сөзін тыңдау маңызды. 14. Билеу. Әйелдің қуаты мен тартымдылығына септігі мол. Әсіресе, арабша билер, латын билерін меңгеру қызық. 15. Йога. Йогамен шұғылдану сананы тынықтырып, күш береді. Мүмкін болса тұрмыс құрған әйелден сабақ алған дұрыс. Ер адам ұстаздық етсе, онда ол тек салмақ салуға басымдық береді. Қуатты нәрлендіруді үйрете алмайды. Себебі, ол ер адам. 16. Үнемі құрбылармен бастаңғы жасау. Бірге жиналған кездерде әйелдердің қуаты артады. Қуат алмасады. Жетіспей тұрған қабілет ашылады. 17. Гүл өсіру. Үйде гүл өсіруді қолға алу. Бұл да әйел қуатын күшейтетін тәсіл. Гүл ашқан өсімдік әйелге ұқсайды. Оны өсіру әйелдің де қуат-күшін арттырады. 18. Күйеуі бар құрбылармен араласу. Күйеуге шыққысы келетін қыздарға маңызды. Отбасы қуаты өте басалқы қуат көзі. Тек отбасылы құрбылар жиналатын кездесулерден бас тартудан асықпаңыз. Мұндай кездесуден соң сізге көңілі ауатын жігіттер кездесіп қалуы мүмкін. Түнгі клубта уақыт өткізуден гөрі отбасы мерекесіне бару пайдалы. 19. Көмек. Қол ұшын созу немесе көмек сұрау. «Мен өзім» деген ұстанымнан бас тартыңыз. Бұл ерлерге тән мінез. 20. Кітап дүкеніне жиі бару. Кітап толы сөрелерді аралау әйелге күш-қуат сыйлайды. Апта сайын дүкенге баруды әдет қылыңыз. Әйел – білім сақтаушысы. Ал, кітап – білім бұлағы. Дұрыс кітаптарды таңдаңыз. Әйелдің санасын жетілдіретін кітаптарға көңіл бөліңіз. 21. Ерлерден көмек сұрау. Кез келген қамқорлық әйелді нәзіктендіре түседі. Тәжірибе жасап, бейтаныс азаматқа сөмкеңізді көтерісуді сұраңызшы. Көңіл күйіңіз 100% көтеріледі! 22. Оқу. Жақсы кітап оқыңыз. Адамдардың тағдыры туралы кітаптар көп әсер етеді. Өзгенің тағдырына қарап өзіңді жақсы түсіне бастайсың. 23. Үйдегі міндеттерді бөлісіп істеу. Жақындарыңызға кей міндеттерді бөліп беріңіз. Сеніп тапсырыңыз. 24. Аспаздық. Тамаққа қатыстының бәрі әйел қуатын күшейтеді. Әйел – асхананың егесі. «Қатын қайраттанса, қазан қайнатады» деп бекерге айтылмаса керек. Әйел тамақтандырып, ас-су беруге шебер. Тамақ пісіре алмайсыз ба? Үйреніңіз. Білсеңіз, ас мәзірін байыта түсіңіз. Басқа елдің асханасын зерттеп, зерделеңіз. Махаббат пен ас даярлау қуаттандырады. Арлы болыңыз. Өзіңіздің өзгешелігіңізге сеніңіз. Әйел – жаратушы жасаған ең ғажап керемет. Сіз ғажапсыз! Сіз сұлусыз! Өйткені, Сіз әйелсіз! #әйел #әйелдер #энергия
Смотрите также
