Орта жүз Найман Бағаналы Қарқара ұлдары Асан - Шұңғыр ұрпақтары 4
Орта жүз Найман Асан-Шұңғыр елінің асы (Ұлытау өңірі - Жезқазған қаласы) 15.08 күні сағат 11-00 де белгі тастың ашылу салтанаты болады, сол жерден мал шалып, ата-бабаларымызға құран оқимыз. 13-00 де кигіз үйде түскі ас ішіп, арамызда спорттық ойын ойнаймыз, одан кейін сырттан келген бауырларға және көрмеген бауырларға ата-бабалар жерін көрсетеміз Мәлшектен бастап, Алашахан - Жошыхан кесенесіне барып қайтамыз. 16.08 күні сағат 10-00 де (09-30 да барлығымы қалмай жиналамыз) Сатпаев қаласы Ердена 206, Royal rose мейрамханасында көрісу, білісу, танысу мақсатында асымызды бастаймыз. Асты басқаратын Оспанов Мұхамбетрахым, Қоқан тегі Серік және Бекжанов Нұғыметолла (Нақан) ағаларымыз, барлығымыз ұйымшылдық танытып бірге ат салысайық, ата бабаларымыздың аманаты, ұрпақтарға қалар үлгі. Асан-Шұңғыр елінің асында шаппағанда қашан шабамыз! 15-16 тамыз 2025 жылы болатын көрісу, білісу, танысу мақсатында арналған асқа Асан Шұңғыр қаны бар барлық ер азаматтар отбасымен қатыса алады, және апа,қарындастарымызды шақырамыз! Ақша салмадым қорға, ұят болады деп келмей қалмаңыздар, барлық бауырлар келсін. АСҚА қойылатын талаптар: 1. Салт-дәстүрімізді сақтау. (үлкендерімізді құрметтеп, сөзін бөлмеу, киім мәдениетін қатаң сақтау, ашық-шашық киіммен келуге тыйым салынады). Қыздар, Апа, қарындастарымыз - жасыл орамал. Аналар, жеңгейлер, келіндер - ақ орамал тартып келуі керек.Және бір ұлттық элемент болса киім үлгімізде. 2. Көркем мінезді болу. (жақсы тілек - ниетпен келу. Инабатты, парасатты болу, бір- бірімізбен жәй сөйлесу, сабырлы болу. Үлкен кішіні, кіші-үлкенді сыйлау, бір-бірімен жүрекке дақ түсіретін ауыр сөз айтпау. Орынсыз әзіл-қалжыңға, күлкіге жол бермеу. 3. Жағымсыз және жаман нәрселерден тыйылу. (алькогольдік ішімдікке, құмар ойындарын ойнауға, ұрыс-керіске, өсек-аяңға жол бермеу. Тазалықты қатаң сақтау, ас біткен соң барлық қоқысты жинастырып алып кету керек)!