G
enby!

«Өмір жолы». Жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытұлы

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат танып, оқуды үйренген. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауылшаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс-қазақ мектебінде оқиды. Кейін ұстаздық қызмет атқарады.

Смотрите также