G
enby!

Егіз жүрек ЖҮРСІН ЕРМАН мен БАҚЫТЖАМАЛ

Жүрсін Ерманов пен Бақытжамал Ерманова. «Сөзбенен сомдап таза сымбатын, Жүрекке мәңгі жазасың атын. Ақылман әйел-ақынның бағы, Ақынның соры- мазасыз қатын. Желіксе ақын-жері көтерер, Желікпен жырдың жерігі өтелер. Тәңірім барлық ақынға сондай, Айнымас жарды серік ете гөр!» - дейді, ақын «Ақынның жары» өлеңінде. Сонау 1966 жылдың күзінде алғаш көріп, жүрегінің кілтін ұсынған Бақытжамал осы бір өлеңдегі ақынның өзі жырлап, сұлу сөзбен сомдаған нағыз ақын жары. Егер олай болмаса, аға Жүрсіннің ұлы махаббатты арқау еткен әр шумағының түп негізі де жары Бақытжамалға арналар ма еді?!...

Смотрите также