"Бұлар құтылып кетсе, полиция сенімінен айырылады". Құпия құжат Хасан туралы не дейді? (05.11.24)
Алматы облысының полициясы халық арасында “Хутор” бандасының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевтың 2 қараша күні ұсталғаны туралы мәлімдеді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қасымбаевқа “Хутор” атты қылмыстық топқа қатысы бар деген айып тағылып, оның жасөспірім Шерзат Полаттың қазасына байланысы болуы мүмкін деген күдік тудырған болатын. Айта кетсек “Козачков офсайд” телеграм каналында Хасан ұсталғаннан кейін қызықты құжат тарады. Ол жердегі ақпаратқа сәйкес, Хасан қамалды. Неге Қасымбаев бұрын ұсталмады? Хасанның былықтарына неге дәл қазір құқық қорғау органдары назар аударып отыр? Хасан ақтала ма әлде, темір торға тоғытыла ма? Танымал адвокат Шынқуат Байжанов жауап берді. Бүгін 20:00-де “Ел дауысы” арнасынан көріңіз.