Қант қызылшасын өңдейтін зауыт салынады
Жамбыл облысында жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Жалпы құны 200 млн. АҚШ долларын құрайтын кәсіпорын аумағында 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба өңірдің және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыра отырып, жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Зауыттың алғашқы іргетасын қалау рәсіміне ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты. Сайт - https://jambyltv.kz/
Instagram - / jambyl_tv Facebook - / jambyltv Tiktok - / jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv