Мақтарал ауданының 30 жастағы тұрғынын жас жігіттер тепкінің астына алып, ажал құштырған
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Түркістан облысында тағы да қанды қылмыс тіркелді. Бұл жолы Мақтарал ауданының 30 жастағы тұрғынын жас жігіттер тепкінің астына алып, ажал құштырған. Марқұмның туыстары соққыға жыққаны былай тұрсын баламыздың денесін темекімен күйдіріп, аузына қинап арақ құйған деп отыр. Жансақтау бөлімінде үш ай жатқан Азиз Құралбаев сол күйін есін жимапты. Ал қара жамылған отбасы күдіктілердің екеуі куәгерге айналып, тағы екеуі бұзақылық бабымен тергеліп жатқанына наразы. Қоңырат ауылындағы қайғылы жағдай Құралбаев отбасын есеңгіреткен. Бұл жанұя болашағынан үлкен үміт күткен үйдің кенжесінен қапыда айырылып қалды. 30 жастағы марқұмның фотосын көрген сайын туыстарының көзіне жас үйіріледі. Оның серуендеуге шығып, қан-жоса болып келгені жақындарының әлі көз алдында. АЛЬМИР ҚҰРАЛБАЕВ, марқұмның ағасы: Азиздың сау жері жоқ. Оң жағы былай ісіп кеткен. Көзінің айналасына қан ұйып қалған. Жамбасы мынандай гематома болды. Екінші күні байқағаным төрт жерінен былай темекімен күйдірген ожог болды да. Мына сүйекті былай қарап алып тастаған. Полный миы ісінген до того. Қан ұйып қалған. Тірелген сүйекке. Қазір ашпасақ миы сығылып адам өледі дейді да. Қара жамылған отбасы көрші ауылдың алты жігіті Азиз Құралбаевты адам аяғы жүрмейтін айдалаға апарып, азаптаған деп отыр. Ұрып-соққан. Басына секірген. Темекімен денесін күйдіріп, аузына арақ құйған дейді. Ауыр жарақат алған азамат 3 ай бойы ес-түссіз жатып, ақыры жүрегі тоқтапты. Жақындары қаскөйлерге тағылған айып тым жеңіл деп отыр. АЛЬМИР ҚҰРАЛБАЕВ, марқұмның ағасы: Алтау не деген сұмдық ол. Ең қызығы төртеуі қазір қамалып жатыр. Екеуі воляда жүр. Қандай немен шығып кеткенін түсінбей жатырмын. Арасында тұрып, тамашалап қарап отырып, ол куәгерге жатпайды ешқашан. Темекімен күйдірген анау бала. Издеваться еткен. Қорғансыз жатқанда өтірік жатырсың деп темекімен күйдіріп оятпақшы болған. Ол қалай 293-пен кетіп жатыр? Шаңырақ көтеруге ниеттенген марқұм көрші ауылдың қызымен сөйлесіп жүрген екен. Оны көрген 20 жастағы жап-жас жігіттер Азизға шүйлігіп, елдімекенге келгіштей берме деген көрінеді. Содан тараптар арасында кикілжің туындап, ақыры сұмдық жағдаймен аяқталды дейді марқұмның ағасы. Ақпанда басталған тергеу аяқталған. Қазір сотта "денсаулыққа ауыр зиян келтіру" және "бұзақылық" баптары бойынша төрт адам жауап беріп жатыр. ----------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық