Сырым бекетінде шектеу: Шағын жүк көліктері шекарадан өте алмай жүр
Кеден кеден болды, кедергі неден болды? Батыс Қазақстан облысында шағын тоннажды жүк көліктерінің жүргізушілері шекарадан өту қиындап кеткенін айтып шағымданады. Жөндеу жұмыстары басталған 4 тамыздан бері Сырым бекетінен шағын жүк көліктеріне өтуге тыйым салыпты. «Облыс аумағындағы өзге бекеттерде рентген қондырғылары болмағасын, жүкті түсіріп, қайта тиеуге тура келеді»,– дейді кәсіпкерлер. Ал Ақтөбе арқылы айналса, жол мың шақырымға ұзаратын көрінеді. #кеден #Сырымбекеті #БатысҚазақстаноблысы #жаңалықтар #Хабар #Хабаржаңалықтар #жаңалықтар2025