Қазақ күресінен "Тұран Барысы" Азия Кубогі
2022 жылғы 29 қазан күні Түркістан қаласында тұңғыш рет Түркі елдері ұйымы мүшелерінің арасында қазақ күресінен "Тұран Барысы" Азия Кубогі өтті. Жарысқа Мажарстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстанның құрама командалары 7 салмақ дәрежесі бойынша "командалық бетпе-бет" форматында қатысты.