G
enby!

Ақан серінің "Құлагер" әні - Ерлан Рысқали

Ақан сері үшін Құлагер өлімі тіпті ауыр қайғыға айналады. Баласымен екеуі елсіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп, ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнапа бірнеше ән мен өлеңдер шығарады. Солардың ішінде ең көп тарағаны – «Құлагер» әні. Мұны Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып, соның басында отырып айтқан. Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.

Смотрите также