Мен не деймін, Гүлзадам не дейді. Айнұр Садырбай: Әлеуметтік зерттеуші болудың қызығы мен шыжығы
Қонақ: Айнұр Садырбай Күн: 04.10.2025 Сағат: 15:00 Тақырып: Әлеуметтік зерттеуші болудың қызығы мен шыжығы Толық ақпарат: https://docs.google.com/document/d/1u...
Қосымша ақпарат. Сілтеме: 1) МИСК. Доступ к информации: Обращение граждан и месседжи власти во время и после Январских протестов 2022 года в Казахстане по итогам документирования. Алматы, 2023. https://drive.google.com/file/d/1AraO...
2) “Ескертусіз қасақана оқ ату…” 2022 жылғы Қазақстандағы қайғылы Қаңтар оқиғалары туралы баяндама (Баяндаманы тәуелсіз мониторлар жүзеге асырған тікелей құжаттау нәтижелері, сондай-ақ басқа да ақпаратты жинау және зерделеу бойынша іргелі құқықтарды қорғау үшін Құқық қорғау Альянсының құжаттау орталығы жасаған). https://drive.google.com/file/d/1Nn67...
Айнұр Садырбай - Алматыда магистр дәрежесін алу мақсатында әлеуметтік зерттеу жасап жүрген жас феминистік көзқарастағы ғалым. Айнұр адам құқы сақталуы ғана емес, экология мәселесіне, қала тазалығы, жан-жануар мен қоршаған ортаның жағдайына бей-жай қарай алмайтын көзі ашық, көкірегі ояу замандас. Айнұрдың қазақ қоғамына сіңірген ауыз толтырып айтатын үлкен еңбегі бар. Ол 2022 жылы Қаңтар қырғыны кезінде болған оқиғаға қатысты дерек жинап, оны тарих жадысына қосуға өте тиянақты түрде ат салысты. Сол кезде жинаған дерегі әлі жазылмаған жараның бетін тырнағандай жас ғалымның жүрегіне оңай тиген жоқ. Сұрақ тізімі: 1) Біз білуге маңызды сұрақ: Айнұрдың осылай зерттеуші болуға біржола бас бұруына ауыр да болса, сол әлеуметтік зерттеуге қатысқаны әсер етті ме? Қаңтар қырғыны кезінде болған зорлық-зомбылық, адам құқының өрескел бұзылуы, әділетсіздік деген ауыр мәселені өң бойынан өткізген жас ғалым әйелге өз-өзіне келген соң да әлеуметтік зерттеу саласында қала беруге не күш берді? 2) Қазіргі магистрлік зерттеу тақырыбыңыз феминизмге қатысты екенін білеміз. Бұл тақырыпты таңдап алу себебіңіз не? Оның болашақта сіздің ізіңізді басып келе жатқан ғалым қызға оқығанда не алса дейсіз? Сіздің осы еңбегіңіз келешек ғалымға азық болады деп ойлайсыз ба? 3) Бұл сұхбаттың мақсаты болашаққа феминистік көз салу. Болашақта докторлық дәреже алып, жоғары оқу орында дәріс беруді көздейсіз бе? Болашақ ғылым ошағы қандай болуы керек? Егер өзіңіз сияқты жас ғалым феминист осы сіз сияқты әлеуметтік зерттеуге шындап кіріскісі келсе, оған бас-көз болып, жетекші болсам, былай етер едім, оқу бағдарламасын былай ұйымдастырар едім деген сияқты мәселені ойлайсыз ба? Немесе осыдан 30, 50, 100 жылда тура осы сіздің қазіргі оқу үрдісіңіз жалғаса берсе жеткілікті ме?
Смотрите также
