Есеп комитеті туристік салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды
Сұлулық әлемді құтқарады. Ал Қазақстандағы туризмді ше? «Kazakh Tourism» компаниясы «Қазақстан аруы – 2019» байқауына бөлінген 73 млн теңгенің қайда жұмсалатынын айтты. Ұлттық байқау директоры Алена Кырбасованың айтуынша, ақшаның 21 млн теңгесі 30 бейнебаян түсіруге жұмсалмақ. Онда Қазақстанның әр өңіріндегі қасиетті жерлер түсіріліп, байқауға келген туристердің назарына ұсынылмақ. Сонымен Қазақстандағы туризмді сұлулық құтқара ма?