«Бір туынды тарихы» циклі: «Құсни-Қорлан» деректі фильмі
Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен, Дариға, арманым көп не қылайын. Бұл – Естай Беркімбайұлы шығармашылығының төл туындысы «Құсни-Қорлан» әнінің жолдары. Бүгінде ол баянсыз сезімді бастан өткерген жандардың сүйіп шырқайтын әніне, махаббат әнұранына айналды. Ғашықтық жыры, әлемдік сахналарда шырқалған «Құсни-Қорлан» әнінің тарихын «Бір туынды тарихы» деректі фильмдер циклінен біле аласыздар.