Жас актерларға театрда орын жоқ! | «Laboratory 316»
Алматыда жастар театры көп. Солардың бірі – «Laboratory 316» труппасы. Мұндағы жастар ұшқыр, өткір, креативті һәм тапқыр. Жас актерлер Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжін бітірген. «Lab 316» труппасында бар-жоғы жеті актер жұмыс істейді. Қазақ тілінде өнер көрсететін шығармашылық топ осы уақытқа дейін бірқатар тың қойылымдарымен жұртты таңдандырып тастады. Солардың бірі – B.O.Q, яғни «БОҚ». 01:47 – «Laboratory 316» тәуелсіз театр труппасы жайлы 05:07 – Вулканизацияның астында, СТО-ның үстінде дайындалдық 06:16 – Ең алғаш «B.O.Q. / Боқ» спектаклді көрермендерге ұсындық 06:42 – «LAB316» атауы нені білдіреді? 08:10 – Жас актерлерден жасақталған өнер ұжымы өнерге қандай мақсатпен келді? 09:34 – Жастар театрға қызықпайды 10:31 – «LAB316» үшін жұмыс жасаймыз 12:22 – Труппа репертуарындағы қойылым жайлы 13:31 – Көрермендердің жоғары сұранысына ие болған «B.O.Q. / Боқ» спектаклнің авторы кім? Айтар ойы не? 16:29 – Саясатқа қатысы жоқ 17:48 – Қойылым үшін қақтығыстар көп болды 18:26 – Труппаның өнеріне көрермендердің қойған бағасы қандай? 20:40 – Демеушіміз жайлы айтсақ... 22:51 – Ақтөбеде қойылым аншлагпен өтті 23:51 – Өнерпаздармен жұмыс жасауға дайынбыз