ЖАҢА КЕЗЕҢ-Kazrost Engineering LTD
Қазіргі уақытта зауыт екі комбайн моделін - ACROS 550 KZ және VECTOR 410 KZ өндірумен және сатумен айналысады. Кәсіпорын сондай-ақ тракторлар шығарады. Компания бүгінде Қазақстан бойынша комбайн сату нарығының 60 пайызын қамтиды және жылына 1000-нан аса комбайн техникаларын шығаруға мүмкіндігі бар. Осы күнге дейін зауыт 750 шақты Вектор-410, Акрос-550 комбайындарын және 220 трактор шығарған. Бүгінгі таңда өндіріс орнында 167 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта қосымша тағы да 25 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Сондай-ақ, бұл жердегі орташа жалақы көлемі 245 мың теңгені құрайды.