Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі жол жөнделіп жатыр
Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан шекарасына дейін апаратын күре жол қалпына келтіріліп жатыр. Бауырлас қос мемлекетті жалғап тұрған трассаның жалпы ұзындығы 164 шақырым. Соның 114 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі. Тағы 50 шақырымдық бөлігіне жаңа асфальт төселеді. Жоба Кендірлі курорт аймағы және Маңғыстаудың туристік әлеуетіне тың серпін береді деп күтіледі. #жолжөндеу #жаңаөзен #түрікменстан #шекара #жаңалықтар #Хабар #Хабаржаңалықтар #жаңалықтар2025