Орманда СПИНОЗАВР деген ЖАҢА ТҮРІ пайда болып бәрін шошытуда | Парк Юрского Периода 3 2001 фильм
Бүгін біз 2001 жылы шыққан "Парк Юрского Периода 3" киносын қысқаша баяндап береміз.Осы бөлімі ерекше күшті екен.Барлығымыз бейнемізді аяғына дейін көрейік.Ондай болса кеттік... Кино басында бірнеше адамдар кемеде кетіп бара жатады.Эрик деген жас бала мен өгей әкесі екеуі үстінде қалқып ұшып жүр.Олардың арқаны жаңағы кемеге байлаулы.Бір кезде тұман болып кетеді.Тұман біткесін қараса,жаңағы кеменің бытшыты шығыпты.Біреу шабуыл жасаған.Адамдары жоқ. Ал кеме өз өзімен кетіп бара жатыр.Сол кезде бұлар арқанды кесе бастайды.Әйтпесе өздері де құлауы мүмкін.Сөйтіп арқанды кесіп үлгереді.Ал кеме кішкентай бір аралға соғылады.Әлгі екеуі болса басқа жаққа бағыт алып ұшып кетеді.Кейін Алан Грантты көрсетеді.Эллидің үйінде жүр екен. Элли тұрмысқа шығыпты.Оның балалары бар екен.Алан Грант осы үйге қонақ болу үшін келіпті.Кейін Алан Эллидің күйеуімен танысады.Олар кешкі ас ішеді.Сонда Алан зерттеулерін айтады.Рапторларды зерттепті.Олар адамдар сияқты.Өте ақылды дейді.Бір бірін түсінеді деп қалады.Кейін Алан кетеді. Элли болса,сен нағыз аңыз адам боласың дейді.Артынан Алан Грант студенттерге осы динозаврлар туралы айтады.Рапторлардың қандай ақылды екенін айтады.Одан кейін студенттер журналистер сұрақ қояды.Қайтадан динозаврлар саябағына барғыңыз келе ме дейді.Сонда Алан Грант жооқ,ешқашан ол жаққа бармаймын дейді.Кейін екі жалдамалы аңшыларды көрсетеді.Өздерінше ұшақтың үстіне динозаврдың суретін салады.Бір кезде араларында бастығына біреу байланысқа шығып,ұшақтарың қаруларың дайын ба дейді.Әлгі бастығы иә дайын дейді.Оның есімі мистер Юдески.Қасындағы қару атқыштар жаңағы суреттелген ұшақты атып жарып жібереді.Динозаврлар бұдан тірі қалмайды дегені ғой.Кейін бірнеше палеонтологтарды көрсетеді.Оның ішінде Билли деген жас Аланның шәкірті болады.Бір кезде Алан да келеді.Жиналыстың іш пысарлық болғанын айтады.Артынан ол көлікке кіреді.Ол жерде Билли Аланға жаңа заманауи техника көрсетеді.Арнайы сканер арқылы жерден табылған сүйектің сызбасын жасап шығарады екен.Бір қызығы ол сүйекті үрлеп раптордың дауысын шығаруға болады.Алан болса таңғалады.Бір кезде бұл жерге Пол деген кісі келеді.Ол Алан Грандты кешкі асқа шақырады.Ол жерде маңызды бір шаруа бар дейді.Сонда Билли,біз барамыз деп қалады.Кешке қарай Алан мен Билли сол кездесуге келеді.Сөйтсе,Пол өзінің Аманди деген әйелімен күтіп отыр екен.Қысқасы біз өзіміздің үйлену тойымыздың мерей тойы болады.Соны біз аралда өткізейік дегенбіз.Ол аралда неше түрлі динозаврлар бар.Ал сіз сияқты аралды динозаврды жақсы білетін ешкім жоқ. Сол себепті сізді жалдайық дегенбіз.Мен өзім жеке кәсіпкермін.Таныстарым көп.Бәрі көмектерін береді дейді.Алан болса келіспей тұр.Сонда Пол, егер қаласаңыз біз сіздің зерттемелік жұмысыңызға қаржылай көмектесеміз.Суммаңызды айтыңыз деп қалады.Осылайша Алан келісіп олар Билли екеуі бұлармен сапарға шығады.Ұшақта бағанағы жалдамалы аңшылар бар.Пол әйелімен және Алан мен Билли бар.Алан болса мен ұйықтап алайын сен бұлармен әңгіме айта тұр дейді.Билли болса Полдың жеке бақша қараушысымен сөйлеседі.Бір кезде Алан оянады.Қараса жерде қаншама динозаврлар түрлері жүр.Мыналар сол маңайға қонбақшы.Бірақ Алан оларға жерге қонуға болмайды деп көндіре бастайды. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов