Қазақстан мен Моңғолия арасындағы алыс-беріс жарты жылда $84 млн-ға жетті
Мемлекет басшысының Моңғолия Республикасына екі күндік мемлекеттік сапары басталды. Қазақ басшысы моңғолиялық әріптесімен бірнеше форматта келіссөздер жүргізіп, аталған елдің үкімет және парламент басшыларымен де кездеседі деп жоспарланған. Екі ел арасында тікелей шекара болмағанымен, мәдени-тарихи байланыстар тереңнен тамыр тартатынын, қос елдің де қайраткерлері қуаттайды. Қазақ халқы сияқты Моңғол жұрты да – көшпелі өркениеттің мұрасын берік сақтаған ел. #жаңалықтар #Хабар #Хабаржаңалықтар #жаңалықтар2024 #мемлекетбасшысы #қазақстанмоңғолия #алысберіс #экономика