ТОҚАЕВ ӘСКЕРИ ПАРАДҚА ҚАТЫСТЫ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары жалғасып жатыр. Бүгін ел президенті әскери парадты тамашалауға барды. Іс-шара Бейжің қаласындағы Тянь/ань/мэнь алаңында өтті. Салтанатты рәсімге Ресей, Солтүстік Корея, Үндістан, Иран және басқа да мемлекеттердің басшылары келді. Парадта алдымен 80 артилериялық зеңбірек шығарылып, әрқайсысынан оқ атылды. Кейін аспанға тікұқшақтар көтеріліп, символикалық 80 санын бейнеледі. Бұдан бөлек, көршілеріміз өзінің техникалық әлеуетін әлемге паш етіп, жаңа танктері мен ракеталарын және басқа да қару-жарақтарын көрсетті. Шарадан соң, Мемлекет басшысы мәртебелі меймандардың құрметіне Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты. Наш сайт - https://1tv.kz/
Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@1tvkz1?_t=8bD...
instagram - / 1tvkz Facebook - / posts Telegram - https://t.me/eurasia1tvkz
Qoslike - / qoslike Көреміз - / @koremiz_show #новости #новостиказахстана #первыйканалевразия #первыйканалевразия #новости #новостиказахстана