Темірліктер «Құрсақ шашу» тойын өткізді
Шараны қоғамдық қор мен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды. Айтып өтейік, Құрсақ шашу - ененің жүкті келініне арнап өткізетін той-думаны. Ол абысын-ажындарын, ауылдың өнегелі әжелерін, келіннің құрбыларын қонаққа шақырады. Мұндағы мақсат - келінннің сүйікті, жерік асын ұсыну. Қонаққа келгендер өздері дайындаған дәмді ала келеді. Думанға жиылған қыз-келіншектер жүктілік, бала тәрбиесі туралы өз ақылын айтып, тәжірибесімен бөліседі. Бұл дәстүрдің астарында ұрпақтар сабақтастығы, ене мен келін арасындағы сыйластық жатыр. Осылайша темірлік аналар ұмыт қалған салт-дәстүрді қайта жаңғыртты. Қойылымға Шұбарқұдық, Қопа, Тасқопа, Ақсай, Еңбекші, Темірден ене мен абысынды-келіннен құралған алты әулет қатысып, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сайт: http://aktobetv.kz
Instagram: / aqtobetv Facebook: / aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv
Twitter: / aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaq...
Google Play - https://play.google.com/store/apps/de...