ТАҚЫРЫП: ФУТБОЛ ТАҒДЫРЫ/ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС АРТТЫ
“Массагет” Мәжілісте май шаммен қаралған мәселелерге шолуды жалғастырады. Бұл жолғы отырыста Алматы облысындағы жалған құжатпен сатылған жерлердің жаңғырған жарнамасы сөз болды. Мінберде қаралған мәселені тіпті Бас прокуратура қолға алса керек. Ал “аяқ допқа жұмсалған ақша абырой бермей тұр” деген депутат Нартай Сәрсенғалиев “футбол тағдыры қыл үстінде тұр” деп дабыл қақты. Сонымен қатар, депутаттар «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізуге бағытталған архив ісі мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Мәжіліс комитеттері ТМД-ға мүше мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы, мемлекеттердің радиациялық бақылау деректерімен алмасу саласындағы өзара іс-қимылы туралы, Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы, сондай-ақ, Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімдерге қатысты жаңа ратификациялық заң жобаларын қабылдады. Біздің редакцияға хат жолдағыңыз келсе: +7 777 118 5782 Әлеуметтік желілер: / massaget.kz / massaget.kz https://t.me/massaget_news
Жоба жетекшісі: Анара Мыңбаева Жобаға жауапты журналист: Әлібек Шынтемір Жауапты оператор: Болат Айтмолда Жауапты монтажер: Виктор Лепских Қолданылған сайттар: https://www.instagram.com/advokat_sar...
https://www.instagram.com/advokat_pal...
#ҚарасайАуданы#ЖерДауы#ЖалғанҚұжат#Базарбек#ЖерМәселесі #ФутболТағдыры#ҚылҮстінде#НартайСәрсенғалиев #ЖасӨспірімҚылмысы#Мәжіліс#ПарламентШолу#MassagetМәселе #MassagetШолу#АрхивІсі#ЭнергияЖобалары #ТүркіМемлекеттеріҰйымы#ҚазақстанЖаңалықтары #ӘлеуметтікМәселе#MassagetTV