Түркістан қаласына саяхат
Біздің бүгінгі саяхатымыз көне заманда Шауғар деп аталған. Ұлы Жібек жолының бойында, Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында орналасқан ежелгі қала – Түркістан болып табылады. Мұсылман діні орныққаннан бастап кала Иасы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Иасауи болатыны осы қалаға байланысты. Киелі Түркістанға жылына жарты миллион турист келеді. Шет жерден ағылатын саяхатшылардың қызыға тамашалайтын орындарының бірі - тарихи-мәдени этнографиялық орталығы. Алты мыңға жуық құнды жәдігер сақтаулы тұрған музей қызметі жыл сайын жаңарып, заманға сай жетілдіріліп келеді. Түркістан – VII-XII ғасырларда саяси-экономикалық орталық болды, әрі мұсылмандар үшін қасиетті мекенге айналды. ХІІ ғасырда сопылық ілімді белсенді ұстанушысы Қожа Ахмет Ясауи осы қалада жерленді. Ясауи өмірден өткен соң қабірінің басына үлкен мазар тұрғызылды. Мазар мыңдаған мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды. Кесенені тұрғызуға ұйытқы болған Әмір Темір болатын. XVІ ғасырдың соңында Түркістан Ахмет Ясауидің әсем де зәулім кесенесінің арқасында Орта Азияның рухани орталығына айналды. Түркістанда 50 балабақша (22-сі жекеменшік), 23 денсаулық сақтау нысаны, 49 спорт нысаны бар. 3600 шаруа қожалығы тіркелген. Малдың барлық түрін қоса есептегенде 635 мыңға жеткен. 20-дан астам азықтық өнімдер шығарылады. Түркістанда мақта өсіріледі. Түркістан-Сібір магистралі өтетін қалада 60 км шойын жол торабы, 1583,6км автокөлік жолы бар. Түркістан қаласын Шымкент-Самара автомагистралі кесіп өтеді. Ардагерлер үйі, драм-театр, этно-клуб, спорттық сауықтыру комплексі, аквопарк, қонақ үйлер, мейрамханалар, салтанат үйлері т.б. жұмыс жасайды. Қаржы инфрақұрылымында 8 банк бөлімшелері бар, 73 жалпы білім беру мектептерінде 49433 оқушы, 26 мектеп алды мекемелерде 5040 бала тәрбиеленуде. Қалада 1992 жылы құрылған Халықаралық Қазақ-Түрік университеті бар. Қала халқына 12 аурухана, 6- емхана, 14- ФАП, 3 - ФП, 16 дәрігерлік амбулатория, 45 дәріхана, 1- диагностикалық орталық, 1- жедел жәрдем бөлімі қызмет көрсетеді. Түркістан қаласында 3 ұлттық мәдени орталық, «Тұран-Түркістан» телеарнасы және «Түркістан» газетінің редакциясы жұмыс жасайды.