G
enby!

Төркіншіл келіндердің денсаулығы неден сыр береді? Бишімбаев синдромы. Психосоматика – А.Арыстанбек

Adal ADAM youtube арнасына ақын, психосоматик Асылзат Арыстанбек сұхбат берді. Ол елімізде психология, психосоматика, коусинг саласының кемшіліктері мен келешегі туралы, жан дүниедегі құбылыстар мен күйзелістердің денсаулыққа әсері жайлы ой өрбітті. Бишімбаев синдромы мен көртышқан синдромының себеп-салдарын да саралады. Сонымен қатар, өзін «мықты ақынмын» дейтін ол әлі күнге дейін Жазушылар одағына неліктен мүше бомағанын, билікті сынаған өлеңдері үшін Назарбаев жүйесінің жандайшаптары қалай қудалағанын, көкірегін керген әнші-композиторлар ақындарды неге менсінбейтінін айтып, ақтарылды. Асылзат Арыстанбек – эротикалық жырлар жазудан алдына жан салмаған ақын. Сұхбат барысында ол түнгі сырларды ақтаруының астарында не жатқанын жасырмады. Ақын әрі психосоматик өзінің жаман ауруға қалай шалдыққанын және сырқатынан ненің қуатымен құлан-таза айығып шыққанын да айтты. Сұхбатта Асылзат Арыстанбек қоғамның кез келген мүшесіне пайдалы кеңестер мен ойларды ортаға салды. #АсылзатАрыстанбек #Психосоматика #АқберенЕлгезек #Назарбаев #Бишімбаев Видеоны тайм-код арқылы көріңіз 00:00 Тизер 03:06 Психолог, коучтар көбейіп кетті ме? 05:36 «Үкіметіміз халыққа жаны ашыса, психология институтын құруы керек» 06:28 Еліміздегі психологтар қазақ қоғамының менталитетін ескермейді, білмейді 09:32 Ислами психологтар «аңқау елдің арамза молдасы» ма? 11:39 Қазақстанда психология екіге бөлінген... 12:59 Психосоматиктерге әйелдер қандай проблемамен келеді? 14:06 Психосоматика мен медицинаның айырмашылығы 16:26 Барлық перзентханаларда, онкологиялық ауруханаларда психосоматиктер жұмыс істеу керек 17:41 «Салтанат заңы» тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтата ала ма? 19:45 «Бишімбаев синдромы» немесе ойыны қанбаған баланың болашағы 24:23 Айтқанды қылмайтын бала қайдан шығады? 27:01 Ажырасқан әйел балаларын неге әкесіне көрсетпейді? 33:08 Әкесіз өсіп жатқан балалардың тағдыры 37:41 Мектеп әкесіз өсіп жатқан балаларға жеті атасын жаттатып қойғаннан ештеңе ұтпайды 39:50 Кеңес одағы кезінде адамдарға жасалған эксперименттер: жаңа босанған әйелдің жатырына мұз қоюдың қатері 44:31 Көртышқан синдромы: Қазақтар неге тегін, арзан нәрселерге таласады? 49:06 Адамның көңіл-күйі денсаулығына қалай әсер етеді? 51:43 Іштен тынатын адамдар қандай дертке ұшырайды? 53:47 Өкпешіл адамдар қандай ауруға шалдығуы мүмкін? 54:22 Ата-әжесінің баласы болған адамдарда бүйрек ауруы көп кездеседі 59:31 Бел неден ауырады? 1:00:42 «Еркектер – қорқақ» 1:03:12 Қорқақ еркектер әйелін ұрады 1:04:57 Ерке, «диван күйеулер» қайдан пайда болды? 1:07:52 Қалай қайырымды, кешірімді болуға болады? 1:09:17 Кешіре алмайтын адамдар жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыра ма? 1:10:40 Асылзат Арыстанбек неге әлі күнге дейін Жазушылар одағына мүше емес? 1:12:42 «Мен өзімді жақсы, мықты ақындардың қатарына қосам» 1:14:41 «Мен енді сенбеймін ешкімге, президент періште болса да» 1:15:49 Биліктің жандайшаптары қысым көрсетті 1:19:03 Ауруханада жатқанда «жоғары» жақтан звондап, «жындыханадан бір-ақ шығарамыз» деген емеурін білдірді 1:20:37 «Елбасын, Нұр Отанды мақтап өлең жаз» деді 1:23:33 Ескі жүйеде сайлау кезінде айтқан сөзім үшін сотталып кете жаздадым 1:25:22 «Үні өшкен халықпыз»: Ақындар президентті мақтап жағдайын жасап алды 1:26:47 «Назарбаев жүйесінің қысымы мені ауру қылды» 1:27:30 Асылзат Арыстанбек жаман аурумен шалдыққанда қандай күйде болды? 1:29:22 Аурудан айыртырған күш-қуат: Ақберен Елгезектің сөзі 1:33:47 «Үш өмірім қалды» 1:38:18 «Қатерлі ісік кетті» дегенде өкіріп жыладым 1:39:10 Адам өмірінің соңғы күндері қалғанын білсе, бәрін кешіре ме? 1:42:00 Эротикалық өлеңдері туралы 1:47:15 «Елеусіз қалдым» 1:47:30 Фариза Оңғарсынова эротикалық өлеңдерімді оқыды 1:48:36 Фариза Оңғарсыновадай ақындарды қорғап-қолдайтын адам жоқ бүгінде 1:49:32 Асылзат Арыстанбектің өлеңін композитор Бауыржан Есебаев өзіне неге меншіктеп алған? 1:51:27 Бауыржан Есебаевтың қателігі 1:53:14 «Сүюді бақыт дейтіндер...» деген өлеңімді Мұқағалидыкі деп айтылып жүр 1:54:17 Кейбір әнші-сазгерлер ақындарды менсінбейді

Смотрите также