АЭС-ке қарсы бес адамға үкім шықты. Олар кінәлі деп танылды
26 тамызда Алматы соты #АЭС құрылысына қарсы шыққан бес белсендіге төрт жыл шартты жаза кесті. Бес жыл бойы қоғамдық, саяси қызметпен айналысуына тыйым салды. -- 26 тамыз күні #Алматы қаласы Алмалы аудандық соты АЭС референдумы қарсаңында ұсталған бес белсендіге үкім шығарды. Судья Ернар Қасымбеков #белсенді'лер Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев пен Айдар Мүбәраковтың бас бостандығынан төрт жылға шектеп, оларға бес жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салды. Қамауда өткен әрбір күн шартты жазаның екі күні болып есептеледі. Толық ақпарат үшін: https://smarturl.click/9oMk7
Бізге жазылыңыздар: Facebook: / azattyq Instagram: / azattyq Youtube: / азаттык Twitter: / azattyqradiosy Tiktok: https://www.tiktok.com/@azattyqkz?_t=...
Telegram: https://t.me/azattyq
WhatsApp: https://www.whatsapp.com/channel/0029...