G
enby!

Нұржан Төлендиев - Қызық Times | ТУКА оралды | Алдараспан театры Бауыржан Тәңірберген | Кызык Live

ТУКА образы орала ма? Нұржан Төлендиев - ҚЫЗЫҚ TIMES | Алдараспан театры Бауыржан Тәңірберген | Қызық Live Каналға жазыл / Подпишись на канал    / @maratoralgazin   "Хабар" арнасы тапсырысы бойынша:    / @khabar_tv   «Қызық Times» — танымал тұлғалармен шынайы сұхбат, ішек-сілеңді қатыратын ойындар мен жан дүниеңді баурайтын естеліктер шоуы! Бағдарламаның жүргізушілері — Марат Оралғазин және Еркебұлан Мырзабек. Қызық Times сахнасында — Нұржан Төлендиев пен Бауыржан Тәңірберген. Өнер, өмір және ішкі әлем туралы шынайы әңгіме «Қызық Times» бағдарламасының кезекті шығарылымында көрермен ерекше кештің куәсі болды. Бұл жолғы қонақтар — «Алдараспан» театрының негізін қалаушы, халықтың сүйіктісі Нұржан Төлендиев және талантты актер Бауыржан Тәңірберген. Бағдарлама Нұржан Төлендиевтің танымал образымен сахнаға әсерлі шығуынан басталды. Бұл сәт көрерменді бір сәтте-ақ естеліктерге жетеледі. Залдағы қошемет пен шынайы эмоция оның халық жүрегіндегі орнын тағы бір мәрте дәлелдеді. «Келін үйде» — өмірдің жаңа парағы Жасыл дивандағы шынайы әңгімеде Төлендиев үйіне келін түскенімен бөлісіп, отбасының жаңа кезеңі туралы айтты. Күлкімен, терең оймен өрілген сөзі залдағы көпшілікті тәнті етті: «Келін түскен соң, үйдің реңі өзгереді. Енді үйде бір тәртіп, бір жылылық пайда болды.»

Смотрите также