Кабачкидан икра 🔥
⸻ Кабачкиден дәмді икра жасаймыз! 4 кабачки, 4 сәбіз, 4 пияз, 4 помидор, 4 түйір сарымсақ керек. Кабачкиді ұсақтап тураймыз. Сәбіз бен сарымсақты үккіштен өткіземін. Пияз бен помидорды да турап дайындаймыз. Кастрюльге аздап май құйып, алдымен пиязды сарғайғанша қуырамыз. Сосын сәбіз бен сарымсақты қосамыз. Аздап қуырылған соң 3 ас қасық томат пастасын саламыз. Оның үстіне помидор мен кабачкиді қосамыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш, қант салып, бәрін жай отта бұқтырамыз. Кабачки жұмсарған соң, блендермен еземіз. Соңында 1 ас қасық 9% сірке суын құямыз. Міне, икра дайын! Банкаларға жауып, қысқа сақтасаңыз болады. Асыңыз дәмді болсын!#икра#кабачки##өте дәмді • Құлпынай тосабы (варенье)