Аққыз Ахметқызының күйі “Мұңды қыз” | Жанғали Жүзбаев
Бір күні Аққыз иығына ала қап асынып, «тезек теремін» деген сылтаумен далаға шығады. Ала қап ішінде — қалақтай қоңыр домбыра. Аққыз ауылдан ұзап шығып, иесіз даланың елеусіздеу бір сайына жеткенде қоңыр домбырасын қолына алып, мұңдасымен аңсап көріскендей күй кешеді. Жанының жаңғырығындай, жүрегінің шеріндей мұңды сарын он саусағын алып қашып, ағыл–тегіл мұңды сыр төгіледі. “Көңіл кірі айтса кетеді” дегендей тартқан сайын тынысы кеңіп, шерткен сайын шері ортаяды. Көрген қорлығы мен шеккен азабын домбыра шанағы айнытпай айтып, аялап жұбатқандай болады. Əлден уақытта ғана Аққыз өзінің жан бұлқынысын жаңа сарынмен, тың толғаммен сыртқа шығарып отырғанын сезеді. Сезеді де, жаңа сарынның бас–аяғын қоғамдай қайырып, жинақтай көмкеріп, толғай түйіндейді. Кейін «Мұңды қыз» деген атпен талай домбырашыға ден қойдырған осынау күй осылайша дүниеге келген. • Репрессияға ұшыраған күйшілер | Шежірелі қ...