Қызылордада «Қазақстан халқына» қорының жұмысы қорытындыланды
«Қазақстан халқына» қоры үш жарым жылда 224 миллиард теңгенің қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асырды. Бұл туралы Қызылордада өткен төртінші Ұлттық қайырымдылық конференцияда айтылды. Басқосуда әр аймақтан келген делегация мүшелері мен қамқорлыққа бөленген жандар қор жұмысы туралы ой-пікірін ортаға салды. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24